Атырау, 18 наурыз 16:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.02
€ 551.11
₽ 5.82

Атырауда көлікті айдап кеткені үшін Аққыстау тұрғыны сотталды

120 рет қаралды
Chat GPT жасаған сурет
Chat GPT жасаған сурет

Жәбірленуші жүргізуші ауласынан жоғалған Nissan көлігін екі күн бойы іздеген. Алайда жас жігітті бұл әрекеті үшін кешірген.

Исатай ауданының 21 жастағы тұрғыны көліктің оталдыру кілтін орнында тұрғанын байқап, рөлге отырып, көлікті айдап кеткен. Ал иесі сол уақытта көлікті өз бетінше іздеумен айналысып, тек екі күннен кейін ғана полицияға жүгінген.

Кейін көлік табылып, иесіне қайтарылды. Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Жәбірленуші де онымен татуласқанын және ешқандай талап қоймайтынын растады.

Сот оның әрекетін ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі бойынша «ұрлау мақсатынсыз көлікті айдап кету» деп бағалап, 300 сағат қоғамдық жұмысқа үкім шығарды. Сот барысында оның бұған дейін де ұрлық үшін сотталғаны ескеріліп, түпкілікті жаза ретінде 1 жыл бас бостандығын шектеу белгіленді.

Үкім жарияланғаннан кейін ол сот залынан босатылды. Алайда сот оған түнгі уақытта қозғалысын шектеу және жұмыссыз ретінде есепке тұру міндетін жүктеді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.