
Атырауда «ALIF STROY» құрылыс материалдарын сататын сауда үйі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұған қала тұрғынының сапасы талапқа сай емес линолеум өніміне қатысты шағымы негіз болды.
Қазақстан Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында Tarkett Evropa AKRON 6 маркалы линолеум Қазақстан Республикасының техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.
Өнімде тиісті таңбалау болмаған және мемлекеттік тілдегі ақпарат көрсетілмеген.
Бұл жағдай «Техникалық реттеу туралы» заң мен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 415-бабын бұзу болып саналады.
Нәтижесінде жеке кәсіпкерге 843 375 теңге көлемінде айыппұл салынып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Қазіргі уақытта барлық кемшіліктер түзетіліп, айыппұл толық төленді.
В Атырау -10