
Қазақстан Бас прокуратурасы Алматы қаласында Санжар Бокаевтың ұсталғанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, бұл шара қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері аясында ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарына сәйкес жүзеге асырылған.
Тергеу деректеріне қарағанда, ол әлеуметтік желілерде жалған бейнематериалдар жариялап, қоғамда теріс пікір қалыптастыруға әрекеттенген. Бұл бейнелерде жекелеген адамдардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы көрсетілген.
Сонымен қатар, тергеу Бокаевтың аталған әрекеттерді ұйымдастырып, қаржыландырғанын айтады. Ол табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беріп, ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген деген күдікке ілінген.
Бұдан бөлек, Санжар Бокаев аса ірі көлемде қаржыны алаяқтық жолмен жымқырды деген айыппен тергелуде.
Қосымша мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
В Атырау -10