
Мәжіліс депутаттары еңбек заңнамасын жетілдіруге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат жұмыскерлердің құқықтық кепілдіктерін арттыруға және еңбек қатынастарын реттеудің бірқатар рәсімдерін нақтылауға бағытталған.
Заң жобасында бірнеше маңызды түзетулер қарастырылған:
- Еңбек саласында қызметкерлердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау жөніндегі нормаларды енгізу ұсынылады.
- Уақытша еңбекке жарамсыздық немесе әлеуметтік демалыс кезеңімен сәйкес келген жағдайда соңғы жұмыс күнін айқындау тәртібі нақтыланады.
- Ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге жұмсалған уақытты төлеу қарастырылған. Оның мөлшері ұжымдық шарт немесе жұмыс берушінің актісі арқылы белгіленеді.
- Жұмыс беруші еңбек жағдайлары өзгергені туралы қызметкерді міндетті түрде жазбаша хабардар етуге тиіс болады.
- Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу тәртібі нақтыланып, материалдық жауапты тұлғалар үшін еңбек қатынастарының тоқтатылу күні мен жұмыс берушінің мүлкін қабылдау-тапсыру рәсімі айқындалады.
Бұл түзетулер еңбек қатынастарын әділ әрі ашық жүргізуге, жұмыскерлердің заңды мүдделерін қорғауға және еңбек дауларының алдын алуға бағытталған.
В Атырау -10