
Қазақстанда стратегиялық маңызы бар биоресурстарды заңсыз шетелге шығарумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарымен бірлесіп жүргізген тергеу нәтижесінде іс сотқа дейінгі кезеңде аяқталып, материалдар сотқа жолданды.
Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыстық топ Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында өндірілген өнімді сатып алып, өңдеп және сақтаумен айналысқан. Кейін тауарды алмастырып, Қырғызстаннан шыққан деген жалған құжаттар рәсімдеу арқылы кедендік бақылаудан өткізіп отырған.
Осы тәсілмен 88 тонна артемия цистасы заңсыз шекара асырылғаны анықталды. Мемлекетке келген 142 млн теңгеден астам шығын толық өтелді.
Қазіргі таңда қылмыстық іс мәні бойынша сот қарауына жіберілді.
В Атырау -10