Атырау, 18 наурыз 11:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.02
€ 551.11
₽ 5.82

ЖИ арқылы «Төтенше жағдай» суреттерін жасаған қазақстандық жауапқа тартылды

76 рет қаралды

Семей қаласының тұрғыны нейрожелі мүмкіндіктерін пайдаланып, жалған оқиға ойлап тапқаны үшін жауапқа тартылды. Ер адам полицияға «су астында қалған» цехтың жасанды интеллектпен жасалған суреттерін жіберген, деп хабарлайды Абай облыстық Полиция департаменті.

17 наурыз күні кешкісін сағат 20:00 шамасында байланыс орталығына Гастелло көшесіндегі өндірістік нысанды су басқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына шұғыл түрде төтенше жағдай қызметтері барғанымен, ешқандай апаттың болмағаны анықталды.

Жедел тексеру барысында полицейлер шақыртуға негіз болған фотосуреттердің жасанды интеллект көмегімен жасалғанын анықтады. Суреттердің шынайы көрінгені соншалық, операторларды жаңылыстырған.

«Креативтің» салдары: Тәртіп сақшылары суреттердің авторын тез арада анықтады. Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Оған қатысты көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін хаттама толтырылды.

«Фейк материалдар, соның ішінде ЖИ көмегімен жасалғандары адамдарды қатты жаңылыстырып, шұғыл қызметтерді нақты шақыртулардан алаңдатуы мүмкін. Мұндай әрекеттер әзіл ретінде ұсынылса да, олар үшін қатаң әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», — деп ескертті полиция департаменті.
Бүгін, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.