Атырау, 18 наурыз 11:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.02
€ 551.11
₽ 5.82

​Еуроодақ 20-санкциялар пакетін әзірлеуде: Қазақстанға қауіп бар ма?

62 рет қаралды
Сурет: senate.parlam.kz
Сурет: senate.parlam.kz

Еуропалық одақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі David O'Sullivan Астанада өткен брифингте 20-санкциялар пакеті әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнайы өкілдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанды санкциялық тізімге енгізуге негіз болатын мәселелер анықталмаған.

– Қазір 20-санкциялар пакетін келісу процесі жүріп жатыр. Қазақстанға қатысты санкциялық тізімге енгізуге себеп болатын ешқандай проблемалық жағдай тіркелген жоқ, – деді ол.

Дэвид О'Салливан Еуроодақтың екінші деңгейлі санкциялар енгізбейтінін атап өтті. Оның айтуынша, үшінші елдердің банктеріне қатысты шектеулер енгізілген жағдайда, бұл тек сол банктер мен ЕО-ға мүше елдердегі корреспондент-банктер арасындағы қаржылық операцияларға қатысты болады.

Арнайы өкіл санкциялар пакеттерінің мазмұны алдын ала жарияланбайтынын айтты. Қазіргі таңда құжат бойынша келіссөздер жүріп жатыр, сондықтан оның нақты мазмұны әзірге белгісіз.

Сонымен қатар ол Еуроодақ әлемдегі банктердің қызметін мұқият бақылап отырғанын және санкциялық саясаттың қатаң сақталатынын жеткізді.

Бүгін, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.