Атырау, 18 наурыз 11:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.02
€ 551.11
₽ 5.82

Оралда 2 000 заңсыз қарыз беру схемасы әшкереленді

62 рет қаралды

gov.kz
gov.kz

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Орал қаласында заңсыз микрокаржылық қызмет жүргізу фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

Тергеу мәліметтері бойынша, «Аванс 07» ЖШС-нің басшысы тиісті лицензиясыз азаматтарға зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша беруді ұйымдастырған.

Аталған қызмет «Уральск Золото» атты комиссиондық дүкеннің жұмысы ретінде көрсетіліп, жасырын түрде жүргізілген.

Қарыздар комиссия шарттары арқылы рәсімделген, ал пайыздық төлемдер зергерлік бұйымдарды сақтау қызметінің ақысы ретінде көрсетілген.

Осы заңсыз қызметтің нәтижесінде 2 мыңнан астам қарыз берілген.

Қылмыстық жолмен алынған табыс көлемі 128 млн теңгеден асты.

Сот санкциясымен күдіктінің автокөлігі мен 6 млн теңге көлеміндегі қолма-қол ақшаға тыйым салынды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

Бүгін, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.