Атырау, 30 мамыр 10:29
 дождьВ Атырау +14.2
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

11 өңірдегі арнайы операция: Қазақстанда трансұлттық есірткі схемасы әшкереленді​

335 рет қаралды

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген ауқымды арнайы операция барысында адамдарды есірткі бизнесіне тартудың трансұлттық схемасын жойды, — деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ведомствоның мәліметі бойынша, ұйымдастырушылар шетелде отырып, интернет-ресурстар арқылы “жалақысы жоғары жұмыс” туралы жарнама таратқан. Заңды жұмыстың атын жамылып, азаматтарды заңсыз есірткі айналымына тартқан.

Олар орындаушыларға арнайы колл-орталықтар арқылы нұсқау беріп отырған. 

Еліміздің 11 өңірінде Қазақстанның 40 азаматы ұсталды. Есірткі таратуға қатысы бар 11 адам қамалды. Одан бөлек, тағы 9 адам есірткі тұтынғаны үшін жауапқа тартылды. 

Операция барысында синтетикалық есірткі, компьютерлік техника, банк карталары, смартфондар және басқа да айғақтар тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. 

18 наурыз, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.