Атырау, 17 наурыз 19:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00

Қазақстанның қай өңірінде жиі некелеседі және ажырасу көп?

63 рет қаралды

2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркелді. Некелесудің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 5,69-ды құрады.

Ең жоғары көрсеткіш Астана қаласында тіркелді — 6,75. Одан кейін Қарағанды облысы — 6,32 және Шығыс Қазақстан облысы — 6,27 тұр. Ең төменгі деңгей Қызылорда облысында байқалды — 1000 адамға шаққанда 5,06.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, некенің 68,1%-ы қалалық жерлерде (78,9 мың), ал 31,9%-ы (37 мың) ауылдық жерлерде тіркелген. Алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлер арасында 27,9 жасты, әйелдер арасында 25,3 жасты құрады.

Қазақстандықтардың көпшілігі некеге алғаш рет тұрған: ерлер арасында бұл көрсеткіш 77%, әйелдер арасында 78% болды. Ажырасқаннан кейін қайта неке қиғандар ерлердің 22%-ын, әйелдердің 21%-ын құрады. Тойлардың басым бөлігі жаз айларында өткен: маусымда — 11 848, шілдеде — 12 955, тамызда — 12 418 неке тіркелді.

Сонымен қатар, елде 45,7 мың ажырасу дерегі тіркелді. Ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,24 болды. Ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында (3,43), одан кейін Қарағанды (3,41) және Солтүстік Қазақстан (3,28) облыстарында тіркелген. Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында байқалды — 1000 адамға шаққанда 1,03.

Ажырасулардың 74,4%-ы (34 мың) қалаларда, 25,6%-ы (11,7 мың) ауылдарда орын алған. Ажырасулардың ең көп үлесі — 35%-ы — 1 жылдан 4 жылға дейін бірге тұрған отбасыларға тиесілі. Тағы 24%-ы 5 жылдан 9 жылға дейін отасқандар болса, некелердің 8%-ы тіркелгеннен кейінгі алғашқы бір жыл ішінде бұзылған.

Бүгін, 18:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.