Атырау, 27 қазан 05:37
 дождьВ Атырау +7.3
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

Ораза айт намазының кестесі жарияланды

1 094 рет қаралды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айт мейрамына арналған айт намазының кестесін жариялады. 

2026 жылы айт мерекесі жұма, 20 наурызға сәйкес келеді, ал 19 наурыз – Рамазан айындағы оразаның соңғы күні.

Жарияланған кестеге сәйкес, айт намазының басталу уақыты өңірлер бойынша төмендегідей бөлінген:

Сағат 07:00-де: Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстары.

Сағат 07:15-те: Астана, Шымкент қалалары, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Сағат 07:30-да: Ұлытау, Қостанай және Қызылорда облыстары.

Сағат 08:30-да: Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары.

Сонымен, Атырау облысында Ораза айт намазы 20 наурыз сағат 08:30-да оқылады.

Бұдан бөлек, биыл Қазақстан мұсылмандары Құрбан айт мерекесін 27–29 мамыр аралығында атап өтеді.

17 наурыз, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.