Атырау, 17 наурыз 16:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00

​Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалуы мүмкін

87 рет қаралды
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция қабылданғаннан кейін елдің терең жаңғыру жолы енді ғана басталғанын мәлімдеді. 

Оның айтуынша, алда Қазақстанды дүние дүрбелеңге толып, айналамызда тұрақсыздық белең алған жағдайдада өтетін ауқымды өзгерістер күтіп тұр.

«Жолымыз оңай болмайды»

Мемлекет басшысы реформалардың күрделі болатынын қадап айтты:

«Біз мемлекетімізді жан-жақты жаңғырту жолын енді ғана бастағанымыз...,  бұл жолды еңсерудің оңай болмайтыны, түрлі кедергімен бетпе-бет келетініміз анық.», — деп атап өтті Тоқаев.

Президент ол үшін ұлтымыз ауызбіршілік танытып, жауапты әрі жасампаз патриотизмнің, терең білім мен кәсібиліктің үлгісін көрсетуі қажет екенін айтты, көздеген мақсатымызға жетеміз.деді.

Заңдардағы ауқымды өзгерістер

Жақын арада Парламентке мынадай құжаттарды енгізу жоспарлануда:

  • 5 жаңа конституциялық заң (Президент туралы, Құрылтай, Халық Кеңесі, елорда мәртебесі және әкімшілік-аумақтық құрылым туралы);
  • 8 конституциялық заңға өзгерістер;
  • 60-тан астам заңға, соның ішінде негізгі кодекстерге түзетулер. Заң шығару процесі алдағы Парламент сайлауымен сәйкестендіріледі.

Жүйенің толық трансформациясы

Президенттің айтуынша, құқықтық және саяси жүйені трансформациялау кем дегенде осы және келесі жылды қамтиды. Оның аясында:

  • Қолданыстағы билік институттарын реформалау;
  • Жаңа құрылымдар құру;
  • Басқару жүйесін кадрлық тұрғыдан жаңарту жоспарланған.

Рақымшылық (амнистия)

Тоқаев сондай-ақ мынадай шаралардың мүмкіндігін атап өтті:

  • Әкімшілік рақымшылық (Қазақстан тарихында алғаш рет);
  • Бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қосымша рақымшылық.

Тиісті заңды Парламенттің ағымдағы сессиясының соңына дейін қабылдауды тапсырды.

«Жаңа қоғамдық келісім»

Президент жаңа Конституцияны:

  • Стратегиялық сенім мандаты;
  • Жаңа қоғамдық келісім;
  • «Әділетті Қазақстанның» іргетасы деп атады.

Оның айтуынша, бұл құжат тәуелсіздікті, егемендікті және азаматтардың құқықтарын нығайтудың негізі болады. «Жаңа Конституция — бұл ұлтымыздың өрлеуі үшін берік платформа», — деп түйіндеді Тоқаев.

Бүгін, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.