
Аудан прокуратурасы «Көкше-Цемент» ЖШС мен «Степняк-су» МКК-нің 350 жұмыскеріне өткен жылдың желтоқсан айында жалақыны уақытылы төлемегенін анықтады.
Қадағалау органының араласуынан кейін прокурорлық акт енгізіліп, нәтижесінде 60 млн теңгеден астам берешек толық өтелді. Кәсіпорын басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар прокуратураның үйлестіруімен аталған ұйымдар мемлекет кірісіне 2 млн теңгеден астам салық пен өсімпұлды өндірді.
Өңір прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды және қоғам мүдделерін қамтамасыз етуді басты бағыт ретінде жалғастырады.
В Атырау -10