Атырау, 17 наурыз 23:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00

Қазақстан туризмді жаңа заңмен қолдайды: туристерге қандай жеңілдіктер бар?

65 рет қаралды
Сурет: freepik.com
Сурет: freepik.com

Президент қол қойған жаңа заң туристік саланы дамытуға және мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Құжатта туризмге қатысты негізгі ұғымдар нақтыланып, гидтер мен экскурсоводтарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндеті алынып тасталды. Бұл мамандарға еркін қызмет етуге жол ашады.

Алғаш рет визит-орталықтардың құқықтық мәртебесі бекітіліп, олардың туристерге ақпарат беретін негізгі орынға айналуы көзделді. Сонымен қатар кәсіпкерлердің инфрақұрылым салуға жұмсаған шығындарының бір бөлігі өтеледі, тау шаңғысы курорттарына арналған техника мен көлік сатып алуға қолдау көрсетіледі.

Туроператорлардың шығындарын субсидиялау қарастырылып, туристік автобустардың шекарадан өту рәсімі жеңілдетіледі. Балалар үшін ұлттық парктерге кіру тегін болады.

Заңда мемлекеттік қолдау алған нысандардың қаражатын мақсатты пайдалануын бес жыл бойы бақылау нормасы енгізілді. Туристік аумақтардағы санитарлық жағдайға қадағалау күшейтіледі.

Бұл өзгерістер ішкі және келу туризмін дамытуға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға және Қазақстанды қауіпсіз әрі тартымды туристік бағыт ретінде нығайтуға мүмкіндік береді.

Бүгін, 22:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.