
2026 жылдың басынан бері Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік инспекторлары өсімдіктер карантині саласында 145 заңбұзушылық дерегін тіркеді.
Олар үшінші елдерден елімізге карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде анықталған.
Карантиндік фитосанитариялық бақылау барысында талаптарға сәйкес келмейтін өнімдердің жолы кесілді. Негізгі себептер – фитосанитариялық сертификаттардың болмауы, карантиндік объектілердің табылуы және белгіленген нормалардың сақталмауы.
Тексеру қорытындысы бойынша заң бұзған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл жұмыстар елдің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, карантиндік объектілердің таралуын болдырмауға және ауыл шаруашылығы өндірісін қорғауға бағытталған.
В Атырау -10