Атырау, 17 наурыз 15:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00

Атырауда жылына 130 тонна балық өндіретін кешен ашылды

111 рет қаралды

Атырау облысының Махамбет ауданында «А-Дана» шаруа қожалығы жаңа балық өсіру кешенін іске қосты. 

Жобаның қуаты жылына 130 тонна тауарлық балық немесе 15 миллионға дейін бекіре тұқымдас шабақ өсіруге мүмкіндік береді. Бұл нысан өңірдегі аквакультура саласының маңызды орталықтарының біріне айналмақ.

Кешенде заманауи жабдықтар орнатылған: көлемі 30 текше метр болатын 28 бассейн, 400 инкубациялық науа, биофильтрлер, суды механикалық және озон арқылы тазарту жүйелері. Өнім сапасын сақтау үшін тоңазытқыш камералар қарастырылған.

Қазір балықты тауарлық салмаққа жеткізуге арналған тоғандардың құрылысы аяқталуға жақын. Аумағы 4000 шаршы метр болатын тұйық су айналымы жүйесі іске қосылып, толық циклді бақылауға мүмкіндік береді.

Бұл кешеннің ашылуы Атырау облысында балық шаруашылығын дамытуға серпін беріп, отандық өндіріс көлемін арттыруға және бағалы бекіре тұқымдастарын сақтап, көбейтуге үлес қосады.

Бүгін, 13:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.