Атырау, 17 наурыз 14:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00

​Паралимпиадада чемпионын әуежайда салтанатты түрде қарсы алды

73 рет қаралды
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Бүгін, 17 наурызда елорда әуежайында пара биатлоннан қысқы Паралимпиада чемпионы әрі пара шаңғы жарысынан қола жүлдегері Ербол Хамитовты салтанатты түрде қарсы алды.

Спортшыны жанкүйерлер, туған-туыстары және спорт саласының өкілдері күтіп алды. Ербол Хамитовты пен ұлттық құраманың спортшыларын  Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Ұлттық паралимпиада комитетінің өкілі Бахыт Сапаров құттықтады.

«Бүгін еліміз үшін қуанышты күн. Тарихымызда алғаш рет Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан алтын медаль жеңіп алып, оған қоса бір Паралимпиадада екі бірдей медаль еншіледік. Бұл нәтиже — ерен еңбек пен тыңғылықты дайындықтың, мықты рухтың көрінісі. Осы ойындарға ұлттық құрама 7 спортшымен 2 спорт түрінен қатысып, жалпыкомандалық есепте 18-орынға тұрақтады. Спортшылардың әрқайсысы ел намысын абыроймен қорғады. Біз сіздермен мақтанамыз», — деді ол. Сондай-ақ, министр бапкерлер құрамының еңбегін де атап өтті.

Шара барысында демеушілік танытқан құрылыс компаниясы Ербол Хамитовқа екі бөлмелі пәтердің кілті табыстады.

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Өз кезегінде спортшы да жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, арман-мақсатқа адал болу керектігін атап өтті. Ол бұл жетістік алдағы уақытта бұдан да үлкен нәтижелерге жетуге мотивация беретінін айтты.

Айта кетейік, Милан–Кортина қысқы Паралимпиада Италияда 6–15 наурыз аралығында өтті. Оған 55 елден 600-ден астам спортшы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынды.


Бүгін, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.