Атырау, 17 наурыз 14:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00

«Теңізшевройл» мұнайды Батуми мен Балтика арқылы тасымалдай бастады

117 рет қаралды
фото aa.com.tr/ Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбыры
Сурет: aa.com.tr/ Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбыры

«Теңізшевройл» компаниясы Новороссийск маңындағы КҚК (Каспий құбыр консорциумы) теңіз терминалы арқылы тасымалдың тұрақсыздығы аясында экспорттың балама бағыттарын қарастырып жатыр, деп хабарлайды «Нефть и газ Казахстана» телеграм-арнасы.

«ҚазТрансОйл» компаниясы наурызда өзіне тиесілі Батуми терминалы арқылы 94 мың тонна Теңіз мұнайын жөнелтетінін мәлімдеді. Бұған қоса, «Теңізшевройл» Балтика теңізіндегі Усть-Луга порты арқылы 100 мың тонна мұнай экспорттайды.

«ҚазТрансОйл» наурыз айында басқа бағыттар бойынша келесідей экспорт көлемін жоспарлап отыр:

  • Баку – Тбилиси – Жейхан арқылы – 138 мың тонна;
  • КҚК (КТК) арқылы – 474 мың тонна;
  • «Достық» (Дружба) мұнай құбырымен Германияға – 210 мың тонна.

Сондай-ақ, «Роснефть» компаниясымен оның Қазақстан аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына транзитін жылына 10 миллионнан 12,5 миллион тоннаға дейін арттыру туралы келіссөз жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.