Атырау, 17 наурыз 15:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00

Шымкентте арзан смартфон жарнамалаған алаяқ ұсталды

91 рет қаралды

Шымкентте интернет-алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды. 

Ол танымал хабарландыру платформасында қымбат смартфондарды арзан бағамен сататыны туралы жалған ақпарат жариялаған. Мәселен, iPhone 17 Pro Max телефонын небәрі 45 мың теңгеге сататынын көрсеткен.

Тиімді ұсынысқа сенген тұрғын көрсетілген шотқа ақша аударғанымен, «сатушы» байланысқа шықпай кеткен. Тергеу барысында күдіктінің осындай тәсілмен жасалған кемінде төрт алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарға онлайн сауда кезінде сақ болуды, бейтаныс адамдарға ақша аудармауды және хабарландырулардың шынайылығын мұқият тексеруді ескертеді.

Бүгін, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.