Атырау, 16 наурыз 18:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Экологтар Атырау тұрғындарына үйден шықпауға кеңес берді

91 рет қаралды

«Қазгидромет» РМК Атырау филиалының мәліметінше, бүгін Атырауда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді.

Күндіз қалада шаңды дауыл тұруы мүмкін деп болжануда. Желдің бағыты шығыс және оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы секундына 9–14 метрді құрайды, ал екпіні 15–18 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы +12°C шамасында, ылғалдылық — 38%.

Сонымен қатар, ауа сапасын бақылау станцияларында ластаушы заттардың рұқсат етілген нормадан асуы тіркелген жоқ.

Атырау облыстық Экология департаменті шаңды дауыл кезінде тұрғындарға мүмкіндігінше үйлерінде қалуға және тек аса қажеттілік туындаған жағдайда ғана далаға шығуға кеңес береді.

Бұған дейін «Ақ Жайық» IQAir сервисі арқылы ауа сапасының деректерін тексерген болатын.

Бүгін, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.