Атырау, 16 наурыз 18:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

​Саяжайдағы даудан кейін еркек әйелге бензин құйып, от жағып жіберген

83 рет қаралды

Қостанай ауданаралық соты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша істі қарап, үкім шығарды.

Ер адам әйелдің үстінен бензин құйып, жағып жібергені үшін кінәлі деп талынды. Бұл турады өңір соттарының телеграм-арнасында хабарланды

Істі Қостанай ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі - «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қарады. 

Соттың мәліметі бойынша, 2025 жылғы тамыз айында сотталушы К. Қостанай ауданында орналасқан саяжай учаскесінің аумағында жәбірленуші С.-мен туындаған жанжал барысында оған бензин құйып, от тұтатқан.

Нәтижесінде жәбірленушінің өміріне қауіпті белгісі бойынша дене бетінің 30–35% бөлігін қамтыған термиялық күйіктер түрінде денсаулығына ауыр зиян келтірілді.

Прокурор сот жарыссөзінде сотталушыға жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 6 жыл бас бостандығынан айыру түрінде тағайындауды сұрады. Жәбірленуші оны заңның барынша қатаңдығымен жазалауды өтінді. Сотталушы кінәсін мойындап, жазаны бап санкциясының төменгі шегінде тағайындауды сұрады.

ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігінің санкциясы 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жазаны көздейді.

Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының кәмелетке толмаған баласының асырауында болуын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Іс бойынша жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сотталушының жеке басын, жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сондай-ақ іс бойынша барлық мән-жайларды ескере отырып, сот К.-ға жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот жәбірленушінің материалдық залал мен моральдық зиянды өндіру туралы талаптарын қанағаттандырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.