Атырау, 29 сәуір 06:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 457.21
€ 534.62
₽ 6.08

​Атырау облысында мұз ойылып, ер адам суға түсіп кетті

284 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Атырау облысының Құлсары қаласында ТЖМ құтқарушылары Қамыскөл көлінде мұз ойылып, суға түсіп кеткен ер адамды шығарып алды.

Оқиға бүгін болған. ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. 1951 жылғы ер адам судан шығарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол жол қысқартпақ болып, көлдің үстімен өтпекші болған. Алайда мұз ойылып кетіп, ол суға түсіп кеткен.

ТЖМ көктемгі уақытта мұз үстіне шығу өте қауіпті екенін тағы да ескертті. Құтқарушылар азаматтарды сақтық шараларын сақтауға және өмірлерін қатерге тікпеуге шақырды.

16 наурыз, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.