Атырау, 16 наурыз 17:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

​Атырау облысында балаларды құтқару үшін полицей басын қатерге тікті

46 рет қаралды

Атырау облысында учаскелік полицей пәтерде кілттеніп қалған бүлдіршіндерді құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

13 наурыз күні Индер ауданының полиция бөлімшесіне Қонаев көшесіндегі пәтерде 2 және 4 жасар балалардың үйде кілттеніп қалғаны және газ плитасының қосулы тұрғаны жөнінде айтылған хабарлама түсті. 

Ақпаратты ала салысымен учаскелік инспектор дереу көрсетілген мекенжайға барды. Төтенше жағдайлар қызметінің келуін күтпестен, ол бесінші қабаттағы көршінің балконы арқылы пәтерге кірген. 

Полиция қызметкері үй ішінде қалған екі баланың жағдайын тексеріп, олардың аман-есен екеніне көз жеткізіп, кейін пәтердің сыртқы есігін ашқан.

Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ.

Бүгін, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.