Атырау, 16 наурыз 17:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Мұнайдан көмір химиясына дейін: Қазақстан мен АҚШ энергетикалық ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде

68 рет қаралды
gov.kz
gov.kz

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффтпен кездесу өткізді. Дипломатиялық диалог барысында тараптар екіжақты іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылап, энергетикалық серіктестікті нығайтуға бейілділіктерін растады.

Келіссөздердің негізгі бағыты өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әлемдік нарықтарға шығатын экспорттық бағыттардың тұрақты жұмысын сақтау болды. Бұл тұрғыда екі елдің экономикалық қатынастарының іргетасы саналатын энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың стратегиялық маңызы ерекше атап өтілді.

Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ сынды ірі мұнай-газ жобаларын жүзеге асыруда негізгі серіктес болып табылатын АҚШ-тың «Chevron» және «ExxonMobil» сияқты ірі корпорацияларымен сындарлы әріптестікке баса назар аударылды.

Сонымен қатар, тараптар көмір саласын дамыту, оның ішінде көмірді терең өңдеу және көмір химиясы саласының перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады. Бүгінгі таңда тиісті Жол картасы бекітілген, оның аясында халықаралық және отандық компаниялардың қатысуымен аммиак, карбамид, синтетикалық газ және дизель отынын өндіру бойынша жобаларды іске асыру жоспарлануда. Қазақстан көмір генерациясының тиімділігін арттыруға және экологиялық әсерді азайтуға бағытталған «таза көмір» саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін білдірді.

Кездесу соңында тараптар екі елдің энергетикалық кешенінің инвестициялық тартымдылығын арттыруға септігін тигізетін Стратегиялық энергетикалық ынтымақтастық аясындағы белсенді диалогты жалғастыру ниетін нақтылады.

Бүгін, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.