Атырау, 16 наурыз 14:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Референдумда қанша қазақстандық дауыс берді: алдын ала мәлімет

73 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 482 мың 613 адамды құрады.  Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 9 миллион 127 мың 192 адамды немесе 73,12 % құрады.

Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны 7 миллион 954 мың 667 адам немесе 87,15 %  құрады.

Референдум бойынша нақты деректер:

  • Сайлаушылардың жалпы саны — 12,4 миллион адам;
  • Дауыс бергендер — 9,1 миллион адам;
  • Бастаманы қолдағандар — қатысқандардың 87,15 пайызы;
  • Дауыс беруге келу көрсеткіші (явка) — 73,12 пайыз.

Еске сала кетейік, егер дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы қатысса, референдум өткен болып есептеледі. Түпкілікті қорытынды аумақтық комиссиялар хаттамаларының барлық түпнұсқасы өңделгеннен кейін шығарылады.

Бүгін, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.