
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов өткен жалпыхалықтық референдум қорытындысы бойынша отандастарын жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.
Бектенов дауыс беру кезіндегі азаматтардың жоғары белсенділігі шынайы патриотизмнің үлгісі және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағытын бүкілхалықтық қолдаудың айғағы болғанын атап өтті.
«Біз сіздермен бірге ауқымы мен мән-маңызы тұрғысынан ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның тікелей куәгері болдық. Президентіміз атап өткендей, қазақстандықтар жаңару мен жаңғыру үшін дауыс беріп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлестерін қосты», — делінген құттықтаудың мәтінінде.
Премьер-министр Әділетті әрі Өркендеген Қазақстанның жаңа тарихы ұлттық дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді ұлықтап, тек демократиялық құндылықтарға негізделетінін атап өтті.
Премьер-министрдің келтірген негізгі тезистері:
- Қазақстан Мемлекет басшысының басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.
- Референдум қорытындысы жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың сапасы мен қарқынын қамтамасыз етеді.
- Қабылданған Конституция Отанымыздың Бірлігі мен Тәуелсіздігінің және Егемендігінің символына айналды.
Олжас Бектенов жүргізіліп жатқан өзгерістердің сапасы мен даму қарқынын қамтамасыз ете отырып, бәріміз бірге алға қойылған мақсат-міндеттерге қол жеткізетінімізге сенім білдірді.
В Атырау -10