
Алматыда бүгін «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдайды. Осыған байланысты қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов хабарлағандай, стадион мен оған іргелес аумақтағы тәртіп тәулік бойы және барынша қатаң бақылауда болады. Ведомство мәліметінше, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосымша құқық қорғау күштері жұмылдырылған.
«Футбол — бұл эмоция мен өз командаға деген қолдау. Бірақ заң мен қоғамдық тәртіп кез келген сезімнен жоғары. Матч күні қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіліп, ойын өтетін аумақ тұрақты бақылауда болады», — деп атап өтті мегаполис полициясының басшысы.
Жанкүйерлердің есіне
Департамент жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған кез келген әрекеттің жолы кесілетінін ескертті. Жанкүйерлер тарапынан рұқсат етілмейтін әрекеттер тізіміне мыналар енді:
- Агрессия көрсету және арандатушылық;
- Балағат сөздер айту және қорлау;
- Бұзақылық іс-әрекеттер;
- Тыйым салынған заттарды (пиротехника және т.б.) пайдалану.
Полиция заң бұзушылыққа жедел түрде жауап болатынын ескертті. Құқыққа қайшы әрбір әрекетке құқықтық баға беріліп, кінәлілер жауапкершілікке тартылады.
Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы текетірес дәстүрлі түрде қазақстандық футболдағы ең принципті бәсекелердің бірі болып саналады, бұл құқық қорғау органдары тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді.
В Атырау -10