Атырау, 16 наурыз 12:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Атырау-Астрахань жолы ақылы болады

64 рет қаралды
Видеодан жасалған скриншот
Видеодан жасалған скриншот

Биылдан бастап жүк көліктеріне Атырау-Астрахань бағытындағы жол ақылы болады. Бұл туралы "Қазавтожол" ҰК АҚ Атырау облысы филиалының директоры Ардақ Қайреденов мәлімдеді. 

Жаңа ереже осы жылдың ішінде күшіне енеді деп жоспарланып отыр. Дегенмен, тиісті ведомство  ақы тек жүк көліктерінен ғана алынатынын хабарлады. 

Жеңіл көліктер үшін жаңартылған жолмен жүру тегін болып қала береді.

Мамандардың айтуынша, бұл бастама жолдардың сапасын сақтап, оларды тұрақты күтіп-ұстау үшін енгізіліп отыр.Жиналған қаражатты жолға тұрақты қызмет көрсетуге және жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағыттау жоспарланған. 

«Бұл жүйе, ең алдымен, жолдардың сапасын сақтау үшін енгізіліп отыр. Ауыр жүк көліктері жол төсеміне айтарлықтай салмақ түсіреді, сондықтан олардың инфрақұрылымды күтіп ұстауға үлес қосуы заңдылық», — деп атап өтті мамандар.


Бүгін, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.