
Атырауда балаларға қатысты сексуалдық зорлық ісі бойынша тергеу екі жылдан астам уақыттан бері тергеліп келеді. Балалардың анасының айтуынша, осы уақыт ішінде іс алты рет тоқтатылып, қайтадан жанданған. Әр жолы жаңа сот-медициналық сараптамалар тағайындалып отырған. Қазіргі таңда тағы бір кешенді сараптама жүргізіліп жатыр, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Бұл іс бойынша әйел балалардың әкелерін айыптап отыр. Ол полицияға арызды 2023 жылдың 20 қарашасында берген.
Балалардың анасымен байланысу мүмкін болмады. Ол Orda сайтына берген сұхбатында дәрігер-проктологтың зорлықты білдіретін жарақаттар туралы қорытындысы іс материалдарының электронды тізімінде жоқ екенін айтты.
Оның айтуынша, тергеу барысында тергеу әрекеттерінің толықтығы мен объективтілігіне қатысты сұрақтар туындаған.
Анасының айтуынша, тергеу аясында бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Оның айтуынша, сараптамалар әртүрлі аймақтарда он рет жүргізілген, қазір он бірінші рет тағайындалған. Бірақ оларды негізінен балалар хирургы жасаған, ал профильді мамандар – проктологтар қатыспаған.
Әйелдің айтуынша, бұл істің объективтілігіне күмән тудыратын жайттар бар. Ол бұрынғы күйеуінің Атыраудағы соттардың бірінің судьясымен туыстық байланысы барын алға тартады. Осыған байланысты ол тергеудің әдейі созылып жатқанын және маңызды дәлелдердің, соның ішінде дәрігер-проктологтың қорытындысының назарға алынбай отырғанын жеткізді.
Осы және басқа да сұрақтарды „Ақ Жайық“ редакциясы Атырау облыстық полиция департаментіне жолдады. Тергеу басқармасының бастығы Мұхтар Бектұрғановтың қолы қойылған ресми жауапта полиция істің қанша рет тоқтатылғанын және қандай себеппен қайта жанданғанын, сондай-ақ қандай негізде қайта ашылғаны айтылмаған.
Жауапта тек полиция департаментінің тергеу басқармасы бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігіне («Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттер») сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны көрсетілген.
Мұхтар Бектұрғанов қосымша кешенді сот-медициналық сараптама тағайындалғанын растады.
Оның айтуынша, қосымша тергеу әрекеттері аяқталған соң түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. Полиция істің егжей-тегжейін жарияламады.
- Бұл іс бойынша барлық қажетті тергеу-жедел шаралар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына қатаң сәйкес жүргізілді, – деп мәлімдеді Бектұрғанов.
Ол басқа ақпараттың тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтынын айтты. Оның сөзінше, бұл деректер шектеулі қолжетімді ақпарат санатына жатады және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды. Олар тек прокурордың рұқсатымен және ол мүмкін деп санаған көлемде ғана жария етілуі мүмкін.
Еске сала кетейік, бұл трагедия туралы алғаш рет 2024 жылдың сәуірінде „НеМолчи“ қоры әлеуметтік желілерде жариялаған еді.
Анасы балалар болған жағдайды айтқаннан кейін ғана құқық қорғау органдарына жүгінген. Ол кезде егіздер үш жарым жаста еді.
Балабақша тәрбиешісі олардың ерекше мінез-құлқына алғаш боп назар аударған: балалар бір-бірінен ажырамай, үнемі қол ұстасып жүрген. Мұны бастапқыда бейімделу кезеңі деп түсінген.
Кейін анасы қызының бөксе жағынан қан іздерін, ал ұлының нәжісінен қан көрген. Алғашында ол мұны инфекция деп ойлап, дәрігерге барған.
Осы кезде балалар жыныс мүшелері туралы жиі айтып, бір-біріне қарап, бір нәрсені жасырғандай көрінген және әкесінің жанында қатты қысылып, қорқып отырған.
Әйел 111 балалар сенім телефоны арқылы психологқа жүгінген. Психолог олардың суреттерінде тек ер адамның жыныс мүшелері бейнеленгенін байқаған.
Кейін белгілі болғандай, күйеуі әйелін жұмысқа жіберіп, өзі декреттік демалысқа шыққан. Сол уақытта әйел таңғы алтыдан кешкі сегізге дейін қалада вахтада жұмыс істеген.
Қазір анасының айтуынша, қызы біртіндеп қалыпқа келуде, ал ұлы жағдайды әлдеқайда ауыр қабылдап отыр.
Алғашқы кезеңде ол қатты тұйықталып, жаздың ыстығында да қалың киім киіп, капюшонын киіп алып, сағаттар бойы бір нүктеге қарап отыратын болған.
Кейде ұлында ашу-ыза танытып, балағаттап сөйлеп, өзінің айтуынша, „сол оңбағанның“ жасағандарын еске алып, айтып қояды.
«Маған балаларым үшін өте ауыр әрі қорқынышты», – дейді әйел.
«Маған балаларым үшін төзгісіз ауыр әрі қорқынышты», – дейді әйел.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -10