
43 жастағы Атырау тұрғыны күйеуін балаларға зорлық көрсетті деп күдіктенеді.
Осынау қорқынышты оқиға туралы біз өткен жылдың сәуір айында «НеМолчи» қорының әлеуметтік желілерде жариялаған жазбасынан білген едік.
43 жастағы әйел ЭКО көмегімен егіздерді – ұл мен қызды дүниеге әкелді. Ол үшін бұл көптен күткен балалары еді.
Балабақшада тәрбиеші егіздердің ерекше мінез-құлқын байқайды: балалар қол ұстасып, бір-бірінің жанынан шықпайды. Дегенмен, бұл мінез-құлық бейімделуге байланысты болуы мүмкін. Анасы қызының құйрығында қан дақтарын, ал ұлының нәжісінде қан барын байқаған. Әйел бұл қандай да бір инфекция салдары болуы мүмкін деп ұйғарып, дәрігерге жүгінген.
Осы кезде балалар жыныс мүшелері туралы көбірек айтып, бірдеңені жасырғандай бір-біріне қарап, әкелері қасында болса, үркіп, қорқатын болған.
– Облыстық ауруханада хирургия бөлімшесінің меңгерушісі наркоз арқылы диагноз қойды: екі сәбидің де анусында өзгерістер, сызаттар бар екенін, анальды рефлексі төмендегенін анықтады, – дейді анасы.
Ақтөбе сот-медициналық сараптамасы зақым келтірілген деген қорытынды жасағанымен, оның себебін де, пайда болған уақытын да анықтай алмаған. Психикалық-психологиялық сараптама балалардың дені сау, өтірік айтуға, қиялға бейім емес екенін көрсеткен.
Анасының айтуынша, күдіктінің сотта таныстары бар, полицияда туыстары жұмыс істейді.
«Тергеуші тергеуді жалғастырудан бас тарту туралы арыз жазуды талап етті», - деп жазды сол кезде ««Не молчи» қоры.
Әділдікке жету үшін әйел Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің атына арыз жазған.
Белгілі болғандай, әйел күйеуінің үстінен Атырау облыстық полициясына 2023 жылдың 20 қарашасында арызданған. Арыз берген кезде балалар үш жаста болған.
«Орда» жазғандай, күйеуі оны жұмысқа жіберіп, өзі декреттік демалысқа шыққан. Әйел хабарласқан 111 балалар сенім телефонындағы психолог балалардың салған суреттерінде тек еркек жыныс мүшелерінің бар екенін байқаған.
Арыз түскеніне бір жыл өтсе де күдікті әлі ұсталған жоқ. Әйелдің айтуынша, оған қосымша сараптама жүргізу үшін проктологты өз бетінше табуға кеңес берген. Оны әртүрлі құзырлы органдарға жолдай бастағаннан кейін ол бұл іске қоғамның назарын аудара бастады.
Атырау облысының полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Жыл ішінде бірнеше рет сот сараптама тағайындалды, қазіргі уақытта комиссиялық сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА
В Атырау -1