Атырау, 3 қараша 11:09
 дождьВ Атырау +6.7
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59

Қаруды жай көрсету - қолдану емес: кассациялық сот екі істі қайта қарады

72 рет қаралды
СhatGPT көмегімен жасалған сурет
СhatGPT көмегімен жасалған сурет

Кассациялық сот бұзақылық ісі бойынша айыптау бабын жеңілдетті: қаруды жай ғана көрсету оны қолдану болып саналмайды.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұған дейін атыс қаруын қолдануға оқталумен ұштасқан бұзақылық жасағаны үшін сотталған екі ер адамға қатысты істі қарады.

Жанжал мессенджердегі сөз қағысуынан басталған. Кейін қарсыластар бетпе-бет кездескен: айыпталушылардың бірі жәбірленушімен төбелес шығарса, екіншісі сол сәтте қолында аңшы мылтығын ұстап тұрған. Алайда ешкім оқ атпаған және қару іс жүзінде қолданылмаған.

Сот шешімдері қалай өзгерді?

  • Бірінші сатыдағы сот екі қатысушыға да шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

  • Апелляциялық сот шартты жазаның күшін жойып, сотталғандарды колонияға жіберді.

  • Кассациялық сот заң талаптарын басшылыққа алып, төменгі сатыдағы соттар өрескел қателіктер жібергенін көрсетті.

Үкім не себепті қайта қаралды?

  1. Айыптау шегінен шығу: тергеу бастапқыда айыпталушыларға қаруды «қолдану» белгісін тақпаған. Алайда бірінші сатыдағы сот бұл белгіні өз бетінше үкімге енгізген.

  2. Алдын ала сөз байласу мен қаруды қолдану фактісінің болмауы: бейнежазба мен жәбірленушінің айғақтары мылтықтың қолданылмағанын растады. Кассациялық сот қаруды жай ғана көрсету өздігінен оны қолдану белгісін құрамайтынын атап өтті.

Сотталғандардың әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігінен неғұрлым жеңіл жаза көзделген 293-баптың 2-бөлігінің 1) тармағына қайта сараланды.

Жәбірленушінің ұстанымы, ауырлататын мән-жайлардың болмауы және «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңның қолданылуы ескеріліп, нақты бас бостандығынан айыру жазасы 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасымен ауыстырылды.

Сотталғандар сот залында қамаудан босатылды.


Бүгін, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.