Атырау, 13 наурыз 19:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.68
€ 568.23
₽ 6.20

Трамптың бір қоңырауынан кейін 32 ел мұнай резервін ашты

90 рет қаралды
Alex Brandon / AP Photo
Alex Brandon / AP Photo

АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімінен кейін 32 мемлекет тарихтағы ең ірі үйлестірілген мұнай резервін нарыққа шығаруға келісті, деп хабарлайды ФОНТАНКА.ру

12 наурызда АҚШ Энергетика министрі Крис Райт бастапқыда мұндай қадамды ерте деп санаса да, бірнеше сағат ішінде Вашингтон ұстанымын өзгертіп, одақтастарды қолдауға шақырды. Бұл шешім Трамптың жеке араласуынан кейін қабылданған.

IEA дерегі бойынша, нарыққа 400 миллион баррель мұнай жіберіледі. Оның ішінде АҚШ өз стратегиялық қоры – Strategic Petroleum Reserve-тен 172 миллион баррельді босатады. Жеткізілімдер келесі аптада басталып, шамамен 120 күнге созылады.

Резервті босату туралы шешім әдеттегі 48 сағаттық талқылаусыз, жедел түрде қабылданды. Бұл қадам Ормуз бұғазындағы жағдай мен Иран төңірегіндегі қақтығыстардан туындаған нарықтағы тұрақсыздыққа жауап ретінде жасалды.

IEA басшысы Фатих Бироль рекордтық көлемдегі мұнай шығару нарыққа «айтарлықтай әсер еткенін» атап өтті.

Бүгін, 18:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.