
Яндекс Go сервисінде Ақтау — Отпантау және кері бағытта «Қалааралық» тарифі бойынша арнайы сапар қолжетімді болады. Бағыт 13 және 14 наурызда, Маңғыстау облысында атап өтілетін Амал (Көрісу күні) мерекесі күндері жұмыс істейді.
Жаңа бағыт Отпантауда өтетін дәстүрлі мерекелік шаралар қарсаңында іске қосылып отыр. Бұл күндері тарихи кешенге өңір тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналады.
Сапарды Яндекс Go қосымшасы арқылы оңай тапсырыс беруге болады: қолданбада «Қалааралық» тарифін таңдап, бағыт ретінде Ақтау — Отпантау немесе кері бағытты көрсету жеткілікті.
В Атырау -10