Атырау, 13 наурыз 13:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.68
€ 568.23
₽ 6.20

Облыста 2027 жылға дейін 13 жаңа мектеп салынады

103 рет қаралды
Сурет: ӨКҚ
Сурет: ӨКҚ

Облыста 7930 оқушыға арналған жаңа мектептер пайдалануға берілмек. Бұл бастама үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін толық шешуге бағытталған. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов мәлімдеді.

2025–2027 жылдарға арналған «Атырау облысында білім сапасын арттырудың Жол картасында» көрсеткіштер мен ашықтық тетіктері нақты белгіленген.

Әбуовтың айтуынша, алдағы кезеңде тек жаңа ғимараттар салу емес, білім сапасын арттыруға да басымдық беріледі. Оқушылардың халықаралық PISA зерттеуіндегі нәтижесін республикалық орташа деңгейге жақындату, функционалдық сауаттылықты көтеру көзделген.

Сонымен қатар, педагогтердің білімін бағалау тестінен өткен мұғалімдердің үлесін 70–80%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Кадр тапшылығын азайту үшін жергілікті бюджет есебінен жыл сайын гранттар бөлінуде.

Бүгін, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.