Атырау, 13 наурыз 14:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.68
€ 568.23
₽ 6.20

Украина Еуропада дрон өндірісін кеңейтуде

63 рет қаралды

Украина әскери дрондарын Еуропада шығару көлемін арттыруда. «Укрспецсистемы» компаниясы Ұлыбританияда жаңа зауыт ашып, алғашқы кезеңде айына 200 барлау дронын шығармақ. Ұзақ мерзімді мақсат – өндірісті 1000 данаға жеткізу, деп хабарлайды Еuronews.

Бұл қадам жеткізу тізбегін қорғау және ресейлік шабуылдардан қауіпсіз ету үшін жасалып отыр. Бұған дейін Дания мен Финляндияда да украиналық компаниялармен бірлескен өндіріс жолға қойылған.

Киев қару-жарақ экспортына қойылған шектеулерді жеңілдетіп, одақтас елдерде өндірілген дрондарды майданға жеткізуге мүмкіндік берді.

Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының есебінде украиналық компаниялармен әріптестік Еуропа үшін болашақтағы бәсекелестіктен гөрі көбірек пайда әкелетіні айтылған.

Германияда да бірлескен кәсіпорын іске қосылып, жылына 10 мың дрон шығаруды жоспарлап отыр. Дания қорғаныс министрі Троэльс Лунд Поульсен украиналық компанияларды тарту аймақтық қауіпсіздікті күшейтетінін атап өтті.

Бүгін, 13:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.