
Қазақстан Теңіз кен орнында мұнай өндіруді арттырды. 11 наурызда тәуліктік көрсеткіш 810 мың баррельге жетті. Бірақ айдың алғашқы он күніндегі орташа деңгей жоспардан айтарлықтай төмен болды.
Reuters дерегіне сүйенсек:
- 1–10 наурыз аралығында орташа тәуліктік өндіріс шамамен 495 мың баррельді құрады (жоспар – 930 мың).
- Бұл ақпан айындағы орташа көрсеткіштен (590 мың баррель) 16%-ға төмен.
- 10 наурызда құбыр жүйесіне берілген мұнай көлемі 932 мың баррельге жетті, ақпан соңында бұл шамамен 700 мың баррель болған.
Теңізшевройл қаңтардағы апаттан кейін өндірісті қалпына келтіріп жатыр. Министр Ерлан Аккенженов кен орны тәулігіне 120 мың тоннаға (955 мың баррельге) дейін өндірісті қалпына келтіргенін мәлімдеді.
Соңғы күндері өндіріс қарқыны айтарлықтай өскеніне қарамастан, наурыздың алғашқы онкүндігінде орташа көрсеткіш әлі жоспарға жетпей отыр.
В Атырау -10