Атырау, 13 наурыз 12:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.68
€ 568.23
₽ 6.20

​​БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп айыпталған шенеунік қамауға алынды

75 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Батыс Қазақстан облысында полиция 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен шенеунікті ұстады. Бұған дейін бұл іс оны тоқтатуға тырысқан әрекеттердің кесірінен қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

БҚО Полиция департаменті ресми сауалға жауап ретінде күдікті шенеуніктің ұсталғанын хабарлады.

"Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті Тергеу басқармасының өндірісіне қабылданды. Баяндалған қосымша мәлімет сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында тексерілді. Күдікті қамауға алынды", – делінген жауапта.

Полицияда бұл іс ПД басшылығы мен прокуратура органдарының бақылауында екенін, тергеу мүддесі аясында өзге ақпарат жарияланбайтынын атап өтті.

Оқиға қалай басталып еді?

Бұған дейін жәбірленушінің әкесі 68 жастағы ер адам оның кәмелетке толмаған қызын алдап үйіне апарып, оған қатысты күш қолданғанын айтқан. Оның сөзінше, арыз жазылғаннан кейін күдікті ұсталған, алайда көп ұзамай босатылған. Сондай-ақ, әкесі Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеуді жеткілікті деңгейде жүргізбей жатқанын мәлімдеген.

Істі неге жапқан?

Өңірлік полиция департаменті бастапқыда телефондағы хат алмасуларға сілтеме жасап, жыныстық қатынас «өзара келісім бойынша» болғанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ қыздың анасы мен жәбірленушінің өзі арыздан бас тартқаны айтылған болатын.

Алайда бұл оқиға қоғамда кеңінен талқыланғаннан кейін жағдайға Ішкі істер министрлігі араласты. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжілісте өткен брифингте істі тоқтату туралы шешімнің күші жойылғанын және тергеу қайта басталғанын хабарлады.

Полиция жазасын ала ма? 

Журналистер бұған дейін істі жауып тастап, күдіктіні босатқан қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені де көтерді. ІІМ негізгі сотқа дейінгі өндірістің нәтижесі бойынша қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім қабылдауға уәде берді.

Бүгін, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.