
Польшадан суыт хабар келді: бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Екатерина Шилованың сүйегі табылды. Бұл қайғылы жағдай туралы оның әпкесі хабарлады, деп жазады «Айран» арнасы.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел қылмыстың құрбаны болған.
«Оны өлтіріп кеткені хабарланды», — деп жеткізеді дереккөз марқұмның туысының сөзін.
Бұған дейін Екатерина Шилованың Варшавада жоғалып кетуі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Әйел отанына оралуды жоспарлап, Варшава — Астана рейсімен ұшып шығуы тиіс еді. Алайда ол межелі жерге жетпеген — Екатеринаның ұшақ бортына мінбегені анықталды. Содан бері онымен байланыс үзіліп, іздестіру жұмыстарына еріктілер мен құқық қорғау органдары кіріскен болатын.
Оқиғаның мән-жайы мен қылмыстың себебін қазіргі уақытта Польша полициясы анықтап жатыр.
В Атырау -10