
Бейресми ақпаратқа сәйкес, Атырау облысындағы полигондардың бірінде мерзімді әскери қызметкермен байланысты қайғылы оқиға орын алды.
Атырау гарнизонының баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға «Қарабатан» полигонында болған. Әскери қызметкер Батыс өңірлік қолбасшылық құрамына кіретін 41/433 әскери бөлімінде қызмет еткен.
21 жастағы сарбаз оқу-жаттығу кезінде оқ жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді, алайда оны құтқару мүмкін болмады.
Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің басшылығы қаза болған әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Бұл оқиға бойынша ҚР ІІМ-нің әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық себептері мен мән-жайларын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
В Атырау -10