
Оралдағы апелляциялық сот Ресей азаматы, 16 жастағы Тимур Турковқа қатысты шешімді қайта қарады, деп хабарлайды Halyqstan.
Негізгі шешімдер:
- Заңсыз шекарадан өткендігі үшін кінәлі деп тану күші сақталды.
- 6 айға бостандығын шектеу жазасы қалдырылды.
- Ең маңыздысы — Қазақстаннан депортациялау туралы шешім толықтай жойылды.
Тимурдың ісіне прокурор да араласып, кәмелетке толмағандарға қатысты елден шығару шарасы заңда қарастырылмағанын атап өтті. Сот прокурор мен адвокаттың уәждерін қабылдады.
Қазір Тимур Турков Орал қаласында. Ол Қазақстанда заңды түрде қалу жолын тауып, ресми түрде босқын мәртебесін алуға өтініш беруді жоспарлап отыр.
В Атырау -10