
«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» (КПО) ірі мұнай операторы экологиялық нормаларды бұзғаны үшін мемлекет бюджетіне айыппұл ретінде екі миллиард теңге төледі.
БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының қызметіне талдау жүргізді. Аталған компания қоршаған ортаны ластаушы заттарды шығарған.
Ведомствоның мәлімдеуінше, нормадан тыс шығарылған заттардың мөлшері 13,8 тоннаны құрады.
"Жүргізілген талдаудың нәтижесінде уәкілетті органға ұсыну енгізілді. Экология департаменті КПО б.в. компаниясына ҚР ӘКБтК-ның 328-бабымен хаттама толтырып, 2 млрд теңге айыппұл салды. Айыппұл өндірілді" - деп атап өтті прокуратура.
Сондай ақ бақылау органыв мұнай-газ саласы субъектілерінің экологиялық заңнаманы сақтау мәселелері прокуратураның тұрақты бақылауында екенін айтты.
В Атырау -10