Атырау, 12 наурыз 17:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.39
€ 567.99
₽ 6.19

​Атырау облысында жыл басынан бері 8 келіден астам есірткі тәркіленді

67 рет қаралды

2026 жылдың басынан бері Атырау облысында заңсыз айналымнан 8 келіден астам есірткі тәркіленді.

Бұл туралы брифингте Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жыл басынан бері өңірде есірткімен байланысты 28 құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 18 қылмыс анықталған. Атап айтқанда, есірткі заттарын заңсыз сату, өсіру, жарнамалау және тұтынуға бейімдеу деректері тіркелген.

- Есірткі қылмысына қарсы күрес бағытында кешенді жедел-іздестіру шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл басында жүргізілген арнайы операция нәтижесінде интернет және мессенджерлер арқылы есірткі сатумен айналысқан 8 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Қазір күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, - деді Қ.Садықов.

Сонымен қатар өңірде есірткінің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде. Жыл басынан бері мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында 216 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, оған 19 мыңнан астам адам қамтылған.

Полиция департаменті азаматтарды есірткіге қатысты кез келген ақпаратты 8 700 499 01 02 анонимді сенім телефоны арқылы хабарлауға шақырады.

Бүгін, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.