
Бас әскери прокуратурада әскери ведомстволардың психологиялық қызметтерінің жұмысын жетілдіру, олардың қызметін ұйымдастыру және әскери психологтардың мәртебесін көтеру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға әскери психологтар, сондай-ақ шақырылған сарапшылар – жоғарғы оқу орындарының оқытушылары және Психикалық денсаулық орталығының мамандары қатысты.
Отырысты ашқан Бас әскери прокурор Дастан Секенов әскери қызметшілерге психологиялық қолдау көрсету жүйесін одан әрі дамыту және әскери ортада көмектесу механизмдерін өзектендірудің маңыздылығын атап өтті.
Талқылау барысында әскери қызметшілерді қолдаудың қазіргі психодиагностикалық құралдары мен әдістері қаралды, сондай-ақ бұл жұмысты дамытудың перспективалық бағыттары анықталды.
Жеке құрамды психологиялық тестілеуде жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша ұсыныстар әзірленді.
Алдағы даму үшін негізгі бағыттар ретінде психологтардың жүктемесін және штат санын оңтайландыру, оларға тән емес функцияларды жою, психологиялық қызметтің кәсіби мәртебесін нығайту, материалдық қамтамасыз ету жағдайларын теңестіру, сондай-ақ мамандардың біліктілігін жүйелі түрде арттыру және жас кадрларды қолдау ұсынылды.
Аталған шараларды жүзеге асыру жеке құрамға көрсетілетін қолдаудың тиімділігін арттыруға және әскери ұжымдардың психологиялық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.
В Атырау -10