Атырау, 12 наурыз 15:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.39
€ 567.99
₽ 6.19

QazaqGaz-дың бұрынғы топ-менеджері «Бәйтерек» холдингіне басшылық қызметке тағайындалды

52 рет қаралды

«QazaqGaz» ҰК АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Айдын Ақан «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарушы директоры болып тағайындалды.

Айдын Ақан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Сондай-ақ University of Wales университетінде MBA дәрежесін алып, King’s College London оқу орнында қаржы саласы бойынша білім алған.

Еңбек жолын Platts компаниясында талдаушы болып бастаған. Кейін жеті жылдан астам уақыт «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның қаржы блогында жұмыс істеді. Бұдан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да қаржылық бақылау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2019–2021 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-да қаржы блогын басқарды, ал 2022 жылдан бастап QazaqGaz компаниясында экономика және қаржы жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

Бүгін, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.