
Ақтөбеде полиция мен Zello.Poisk еріктілер қызметі «Аяла» кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан өз бетімен кетіп қалған үш жасөспірімді іздестіріп жатыр.
Олар 15 жастағы Асхат Иманов пен Айса Райс, сондай-ақ 16 жастағы Нұрислам Абдурахман.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, жасөспірімдер кешкі уақытта орталықтан шығып кеткен және осы уақытқа дейін оралмаған. Оларды іздестіруге полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды.
Айта кетерлігі, бұл «Аяла» орталығына қатысты алғашқы жағдай емес. Бұған дейін 2020 жылы осы орталықтан үш тәрбиеленуші қыз қашып кетіп, кейін оларды полиция тапқан болатын.
Кәмелетке толмағандардың орталықтан не себепті қашуға тырысатыны туралы ресми ақпарат берілген жоқ. Сонымен қатар, ашық дереккөздердегі мәліметтер бойынша, «Аяла» орталығында балалар мен жасөспірімдердің тұруына, оқуына, бос уақытын өткізуіне және психологиялық қолдау алуына жағдай жасалуы тиіс. Орталықтың өзі бұған дейін балалар үйі мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығын біріктіру арқылы құрылған.
В Атырау -10