
Қазақстан соңғы алты жылда электр энергиясын өндіру көлемін тұрақты түрде арттырып келеді.
2019 жылы 106 млрд кВт·сағат болған өндіріс 2025 жылдың қорытындысында 123,1 млрд кВт·сағатқа жетті. Бұл жоспарланған межеден 4,4%-ға жоғары көрсеткіш. Өсім қолданыстағы қуаттарды жаңғырту және жаңа жобаларды іске қосу арқылы қамтамасыз етілді.
2025 жылы Текелі энергия кешені мен Топар ГРЭС-індегі нысандар іске қосылып, жалпы қуаты 166 МВт болатын дәстүрлі генерация қосылды. Алдағы 2026 жылы өндіріс көлемін 126,5 млрд кВт·сағатқа жеткізу көзделіп отыр. Бұл өсім қуаттылығы 2,4 мың МВт болатын жаңа станциялар есебінен жүзеге аспақ.
Жылдың басты жобаларына Қызылордадағы 240 МВт және Түркістандағы 1000 МВт бу-газ қондырғылары, Алматыдағы 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО-ны жаңғырту (жиынтық қуаты 1100 МВт-тан астам), сондай-ақ Атырау мен Текелідегі қуаттарды кеңейту жұмыстары кіреді.
Осылайша, энергетика саласы жоспарлы түрде дамып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған нақты қадамдар жасалып жатыр.
В Атырау -10