Атырау, 19 желтоқсан 02:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Ел болам десең, "бес жылыңды" түзе!». «Ресей сот жүйесін өзгертпек». «Қазақстан гастарбайтерді патент алуға міндеттемек». «Жаңа төраға үмітті ақтай ала ма?». «Қаржы пирамидаларынан қашан құтыламыз?». «Жылына 4-8 млрд долларды далаға шашып келіппіз».

2 049 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Нашар мен сорақының бірін таңдау»  - Әзербайжан – пост-советтік елдердегі биліктің отбасы мүшелерінің біріне мұрагерлік жолмен тапсырылуын жүзеге асырған бірден-бір мемлекет.

«Ресей сот жүйесін өзгертпек» - Ресейде екі ірі сотты біріктіріп, бір жоғарғы сот жасау жайлы конституциялық жоба парламент қарауына берілді. Мамандар «мұндай өзгеріске мұқтаждық жоқ, бұл саяси сақтыққа ұқсайды» дейді.

«Қазақстан гастарбайтерді патент алуға міндеттемек» - Қазақстанда жеке азаматтарға жалданып жұмыс істейтін мигранттарға ай сайын шамамен 23 долларға патент сатып алу талабы қойылмақ. Бұл талап жақын шетелден келген еңбек мигранттарына ғана қатысты.

MASA.KZ. «Ел болам десең, "бес жылыңды" түзе!» - Ахметовты айтамыз, Нұрекеңнің өзінен де билік кете бастағаны аңғарылады. Әйтпесе, кеше ғана ата-баба аруағын ауызға алып тұрып шақырып, бүгін айни ма кісі!?

«Ғылым – ғалымдардікі, ал қамқорлық – мемлекеттікі» - Министрліктің мәліметіне жүгінсек, жалпы алғанда республикада 59 жоғары оқу орнында Қазақстан тарихы кафедрасы бар екен.

SERKE.ORG.  «Ұлтшылдар бірікті. Құрылтайға төнген қауіп әлі сейілген жоқ» - Егер Мұхтар Тайжан қайтадан Айдос Сарыммен бірігіп кетсе, құрылтайға деген қарсылық тағы да күшейіп кетуі мүмкін.

«Әбілязовтың 250 миллион доллар ақшасы Қазақстанға қайтарылады» - Француз түрмесінде отырған Мұхтар Әбілязовтың құны 250 миллион доллар тұратын активтері Қазақстанға қайтарылатын болды.

AIKYN.KZ  «KEGOK акциясы несімен құнды?» - Алдағы қарашада ұлттық KEGOK компаниясының акциялары бұқаралық сатылымға шығатындығы жөнінде бұған дейін де жазған едік. Бұл жолы ол мақалада қозғалған тақырыпқа қайта оралмай, тек «KEGOK компаниясының акциясы несімен құнды?» деген сұраққа жауап береміз.

ZHEBE.COM  «Жаңа төраға үмітті ақтай ала ма?» - Қалай десек те, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қайрат Келімбетов мырзаға үкілі үмітін сайлап, оның білімі мен қарымы ел экономикасы мен қаржылық жағдайымыздың жақсаруына оң ықпалын тигізеді» деп сенім артты. Халық та сенім артып отыр...

«Жанармай тапшылығынан 2019 жылы ғана құтыламыз...» - «Біз қай уақытқа дейін сапалы жанармайға тәуелді боламыз? Жылына 80 миллион тоннадан астам мұнай өндіре отырып, бензинге деген тапшылықтан қашан құтыламыз?

«Қазақ футболына Беранек не берді?» - Жанкүйері көп спорттың бірі - футбол екені даусыз. Алайда футболдан Қазақстан құрамасы қалың жанкүйердің көңілінен шығатын ойын өрнегін көрсете алмай келеді.

«"Құқығымды қорғайды" деп сенер ем...» - Еліміздегі құқық қорғау органдарының қызметіне қараша халықтың көңілі толмай жататыны жасырын емес.

ALASHAINASY.KZ. «Қаржы пирамидаларынан қашан құтыламыз?» - Жүгенсіз кеткен қаржы пирамидаларын тізгіндеу мүмкін болар емес. Бұл сұрақ құқық қорғау органдарының өзін тығырыққа тіреп тұр.

«Жылына 4-8 млрд долларды далаға шашып келіппіз» - Бүгінгі күні әлемде қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары сияқты табиғи ресурстар аса тапшы. Жағдай кері кетпесе, түзелмейтіні анық. Өйткені сарқылмайтын дүние жоқ. Соны біле тұра біз табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланып, экономикамызға жыл сайын 4-8 млрд доллар (!) көлемінде зиян келтіріп жатады екенбіз.

 

 

 

 

 

 

11 қазан 2013, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.