
2026 жылдың ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.
Бұл көрсеткіш қаңтардағы 27 745 мәмілеге қарағанда 1,2%-ға төмен. Сауда көлемі бойынша Алматы (5 732 – 20,9%), Астана (5 242 – 19,1%) және Қарағанды облысы (2 250 – 8,2%) алдыңғы қатарда. Ал ең аз мәміле Ұлытау облысында – бар болғаны 255 (0,9%).
Қаңтармен салыстырғанда ең жоғары өсім Абай (+20,4%), Солтүстік Қазақстан (+14,2%) және Алматы (+10,4%) облыстарында байқалды. Ал ең көп төмендеу Шымкент (-28,3%), Жамбыл (-15,8%) және Қызылорда (-12,9%) өңірлерінде тіркелді.
Көппәтерлі үйлер бойынша мәмілелер саны ақпанда 2,1%-ға (466 мәмілеге) азайып, жалпы 21 259 мәміле жасалды. Бұл барлық мәмілелердің 77,5%-ын құрайды. Пәтер саудасының негізгі үлесі Алматы (24,4%), Астана (24,1%) және Қарағанды облысына (8,6%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша ең көп сатылғаны – бір бөлмелі пәтерлер (8 306 мәміле).
Жеке тұрғын үйлерге қатысты мәмілелер саны ақпанда 2,4%-ға (142 мәмілеге) өсіп, барлығы 6 162 мәміле тіркелді. Ең жоғары өсім Атырау (+29,2%), Қарағанды (+27,4%) облыстарында және Алматы (+26,1%) қаласында байқалды. Ал төмендеу Ұлытау (-26,4%), Маңғыстау (-19,4%) және Қостанай (-16%) облыстарында тіркелді.
Жылдық мәнде ақпан айындағы мәмілелер саны 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға азайған (29 022 мәміле болған). Ең жоғары өсім Атырау облысында (+14%), ал ең үлкен төмендеу Ұлытау облысында (-30,3%) байқалды. 2026 жылдың қаңтар-ақпанындағы мәмілелер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8%-ға төмендеген.
В Атырау -10