Атырау, 12 наурыз 15:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.39
€ 567.99
₽ 6.19

Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалад​ы

107 рет қаралды

Қазақстандық оқушылардың көктемгі демалысы 2026 жылдың 19–29 наурызы аралығында өтеді. 

Бұл кезеңде балалар 11 күн бойы тынығып, бос уақыттарын мазмұнды өткізуге мүмкіндік алады. «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Демалыс күндері «Наурызнама» онкүндігімен үйлестіріліп, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналатын болады. Оқушылар «Таза Қазақстан», «Еңбек адамы», «Заң мен тәртіп» бағытындағы танымдық жобаларға қатысып, дәстүрлі «Жер сағаты» акциясына қосылады.

Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қолға алынады. Ата-аналармен бірлесе отырып жол қозғалысы ережелері, өрт қауіпсіздігі және интернеттегі сақтық мәдениеті бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Бүгін, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.