Атырау, 12 наурыз 14:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.39
€ 567.99
₽ 6.19

Астанадағы «автоподстава» туралы видеодан кейін журналистке үш әкімшілік хаттама толтырылды

143 рет қаралды

«Ақ Жайық» редакциясында жолдағы жанжалдан кейін полиция толтырған әкімшілік хаттамалар бар. Бұл жағдай туралы бұған дейін журналист әрі блогер Тимур Асылханов айтқан болатын.

Еске салсақ, 9 наурыз күні Асылханов әлеуметтік желілерде жолдағы оқиға туралы видео жариялаған. Оның айтуынша, Тұран даңғылы бойында, Хан Шатыр сауда-ойын-сауық орталығының жанында олардың көлігінің жолын Audi көлігі кесіп өткен.

Журналисттің айтуынша, сол көліктің жүргізушісі құқық қорғау органының қызметкері болуы мүмкін және жол апатын әдейі ұйымдастырумен айналысады деп мәлімдеген. Бұл видео оның Instagram, Facebook, Threads парақшаларында жарияланып, әлеуметтік желілерде қызу талқылауға себеп болды.

Құжаттарға сәйкес, тексеруден кейін полиция журналистке бірден үш әкімшілік хаттама толтырған.

Бірінші хаттама — жолда апатты жағдай туғызу бойынша. Полицияның мәліметінше, 9 наурыз күні сағат 17:46 шамасында Асылханов Hyundai Palisade көлігін жүргізіп келе жатып, Тұран даңғылында қауіпті маневр жасап, жолда апатты жағдай туғызған. Бұл әрекет ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 606-бабы 1-бөлігі (жол қозғалысы ережесін бұзу, апатты жағдайға әкелу) бойынша тіркелген.

Екінші хаттама 615-баптың 1-бөлігі (Жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысына қатысатын басқа адамдардың жол жүру ережесін бұзуы) бойынша жасалған. Құжатта көрсетілгендей: көлік тоқтағаннан кейін жүргізуші машинадан түсіп жолдың жүру бөлігінде тұрған.

Үшінші хаттама видеоны жариялауға байланысты. Құжатта айтылғандай, Керкем‑3 тұрғын үй кешені маңында Асылханов болған жағдайды телефонға түсіріп, Audi жүргізушісі полиция қызметкері және «автоподстава» жасаумен айналысады деп айтқан. Кейін бұл жазбалар әлеуметтік желілерге жарияланған.
Полиция бұл мәлімдемелерді негізсіз деп есептеп, осыған байланысты 456-2-баптың 1-бөлігі бойынша (интернетте немесе телекоммуникация желілерінде көрінеу жалған ақпарат тарату) хаттама толтырған.
Бұған дейін Астана қалалық полиция департаменті тексеру нәтижесінде жолдағы жанжалға қатысқан екі жүргізуші де әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаған еді. Сондай-ақ, видеода көрсетілген Audi жүргізушісі құқық қорғау органының қызметкері емес екені анықталған.
Енді бұл әкімшілік материалдарға соңғы бағаны сот береді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 13:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.